Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Uncover Show – 2023» өнер додасы

26 сәуір  Академия қабырғасында жыл сайын өтетін, талай студенттің өнерінің шыңдалуына себепкер болған жоба «Uncover Show – 2023»  өнер додасы биыл да жалғасын тапты. Жобаның басты мақсаты – студенттердің жаңа қырларын ашып, байқауға қатысушыларды жұртшылыққа жаңа рөлде көрсету.

Бұл байқаудың жылдағы ерекешелігі әр қатысушы өзін басқа қырынан көрсетіп, жан-жақтылығын дәледеу шарты бар. Бірі әнші, бірі биші, бірі монолог оқыса, енді бірі авторлық өлеңдерін паш етті.  

Жүлделі 3 орынды Исаев Диас Спорттық бал биінің педагогикасы мамандығы бойынша 2-курс студенті алса, 2 орынды Төленова Сабина «Би ансамблінің артисі» 1 курс студенті қанағат тұтты, ал Жүлделі 1-ші орынды 1-ші курс Өнертану мамандығы бойынша білім алып жүрген Темирханова София еншіледі. Өнер додасы көрерменнің ыстық ықылас, жылы лебіздермен аяқталды. Мұндай өнер додасы студенттерге оқуда ғана емес, шығармашылық сала бойынша да үздік болуына дағдыландырады. Шараның ұйымдастырушысы – өнер факультеті академияның белсенді студенттеріне алғыс білдіреді.

Яндекс.Метрика