Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Жұлдыз болу үшін не істеу керек»: Академияда Татьяна Тенмен кездесу өтті

8 ақпанда хореография академиясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Балет» театрының жетекші солисі Татьяна Тенмен кездесу өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты – академия білім алушыларын оқуға, мамандықтағы жетістіктерге ынталандыру. Танымал балеринамен кездесуге академияның білім алушылары мен педагогтары қатысты.

Кездесу тақырыбы – «Жұлдыз болу үшін не істеу керек» және Татьяна Тен атап өткендей, оның студенттерге арналған әңгімесі жалпы жұлдыз болу туралы емес, адамның өзі-өзіне жұлдыз болу үшін не істейтіні туралы болды.

Әртістің айтуынша, оның мақсаттарына жету жолындағы қиындықтары оған өзіне басқаша қарауға мүмкіндік береді: мақсатқа жеткен сайын сіз өзіңізді көбірек бағалап құрметтей бастайсыз.

Татьяна сонымен қатар театрдағы жұмысы мен Хореография академиясындағы оқуын қалай үйлестіре алғанын айтты.

«Сіздер жалқаулықты жеңулеріңіз керек, Оны қазір жеңіңіз, өйткені ертең ешкім сізге дайын табысты алдарыңызға әкеліп бермейді, – деп кеңес берді Тен. – Сіздер ең алдымен өздеріңіз үшін үйренңп білім алып жүрсіздер, өздеріңіз үшін жұмыс жасайсыздар және болашақ мансаптарыңызды өздеріңіз құрасыздар. Барлығы өз қолдарыңызда».

Яндекс.Метрика