Қабылдау комиссияларының байланыстары

Жапониядан келген оқушылар Академияда тағылымдамадан өтуде

24-30 қыркүйек аралығында Академия өз қабырғасында 21 адамнан тұратын Жапония делегациясын қабылдайды.

Білім алушылар Академия мен Yoshiko Takagi Ballet School (Токио қ., Жапония) арасындағы қол қойылған ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы келісім аясында Академияға тағылымдамадан өту үшін келді.

Академия олар үшін қызықты және мазмұнды бағдарлама дайындады, оның білім беру бөлігіндегі іс-шаралар:

  • Классикалық би, Халықтық-сахналық би және Вариация сабақтары;
  • Академия білім алушыларымен бірге қазақ және халық-сахналық би сабақтарына қатысу.

Мәдени бағдарлама бойынша Жапониядан келген оқушылар «Астана Опера» және «Astana Ballet» театрларына барады, онда «Сильфида» балетінің бас репетициясын және «Ұлы Дала мұрасы» концерттік бағдарламасын тамашалайды.

Академия жаңа оқушыларды қуанышпен қарсы ала отырып, шетелдік қонақтарды Академиямен және жалпы алғанда Қазақстан мәдениетімен таныстырады.

Яндекс.Метрика