Қабылдау комиссияларының байланыстары

Жылды жақсылықтан баста

«Мейірім» академиясының еріктілер клубы әлеуметтік жобаларды дамытуға тырысады. Академия басшылығының бастамасымен және тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің көмегімен іске асырылатын «Жылды жақсылықтан баста», «Жақсылық жаса» жыл сайынғы акциясы дәстүрге айналды. Хореография академиясының қызметкерлері мен еріктілері белсенді түрде кіріскен іс-шара шынымен мейірімдік шарасына айналды. 2024 жылдың 1 сәуірінде белсенділер Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығының онкологиялық бөліміне балаларға қажетті: арнайы балалар тағамы, памперстер және бала күтіміне арналған құралдарды табыс етті. Орталық стационарында балалар 2 айынан бастап емделеді. Орталықтың кішкентай пациенттері үшін мұндай қайырымды көзқарас өте маңызды, сондықтан медицина мамандары біздің көңіл бөлгенімізді қуана қабылдайды.

Біздің қамқорлығымыз бен назарымызды қажет ететін балаларға қуаныш сыйлау – Академияның әр адамы үшін ерекше бақыт.

Яндекс.Метрика