Қабылдау комиссияларының байланыстары

Astana Ballet театрының сахнасында «Раушан гүлі мен көбелектің романы» балеті өтті

30 наурызда Astana Ballet театрының сахнасында Қазақ ұлттық хореография академиясының тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Раушан гүлі мен көбелектің романы» спектаклі өтті.

Рикардо Дригоның музыкасына Мариус Петипаның «Ұмытылған спектаклін» Академия үшін әлемге әйгілі қоюшы хореограф Василий Медведев арнайы қойған. Оның тұсаукесері 2021 жылғы 16 қарашада, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтті.

«Раушан гүлі мен көбелектің романы» балеті оқу орнының үздік бетке ұстар қойылымы. Спектакль «Үздік балалар спектаклі» номинациясы бойынша «Умай» ұлттық сыйлығының иегері болғанын Академияда бәрі өте мақтан тұтады» деп атап өтті Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжанова.

«Спектакльге әр түрлі деңгейдегі 130-ға жуық оқушы қатысты. Балет құрамы жыл сайын өзгеріп отырады, өйткені балалар өсіп келеді және бұл әр уақытта жаңа әртістер құрамымен қойылатын  балет. Сондықтан оны қою оңай процесс емес», – деп бөлісті ректор.

Бұл Мариус Петипаның ешқашан үлкен театрлар сахнасында қойылмаған соңғы туындысы. Спектакль 1904 жылы Санкт-Петербургтегі Эрмитаж театрында қойылымға дайындалды, бірақ ешқашан үлкен сахнада көрсетілмеді. Сондықтан оны «ұмытылған» деп атайды.

Бірнеше жыл бұрын Қазақ ұлттық хореография академиясының хореографтары мен педагогтарының күш-жігерінің арқасында спектакль қайта жасалып, елорданың жетекші театрларының бірінің сахнасына қойылды.

«Бұл бірегей спектакль, мұндай спектакль ешкімде жоқ», – деп атап өтті Қазақ ұлттық хореография академиясының көркемдік жетекшісі, Ресей Федерациясының халық әртісі Алтынай Асылмұратова.

Балет аяқталғаннан кейін залдағы көрермендердің қол шапалақтап, көрсеткен қошеметі ұзаққа дейін басылмады. Осылайша, көрермендер Академия әртістері мен педагогтарына жарқын, күрделі, ертегіге толы, есте қаларлық балет үшін шын жүректен алғыстарын білдірді. Балет көрермендерге сөзбен айтып жеткізгісіз қуаныш сыйлады. Бір қызығы, балаларына қолдау көрсетіп, қойылымды тамашалауға еліміздің барлық өңірлерінен ғана емес, Бішкектен де ата-аналар келді, тіпті сонау Жапониядан балетте жетекші партиялардың бірін орындаған қызын қолдау үшін ерлі-зайыптылар Қазақстанға келген.

Яндекс.Метрика