Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия мен Индонезияның екі университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды

2023 жылғы 14-16 шілде аралығында Астана қаласында орналасқан Индонезияның мәдени орталығында Индонезия жазғы фестивалі мен шағын көрмесі өтті.

Осы іс-шара аясында 15-сі күні Қазақ ұлттық хореография академиясы мен Индонезияның Джогьякарта өнер институты (ISI) және Джогьякарта мемлекеттік университеті (UNY) араларындағы өзара түсіністік туралы меморандумдарға екіжақты қол қою рәсімі өтті.

Фестиваль Қазақстан мен Индонезияның дипломатиялық қатынастарына 30 жыл толуына орай және Индонезия Республикасының Астана қаласындағы Елшілігінің тікелей қолдауымен ұйымдастырылды.

Академия атынан іс-шараға оның ректоры Бибигул Нусипжанова, халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Ақмарал Жұмағұл ұжымымен бірге қатысты.

Өз құттықтау сөзінде Академия ректоры Қазақстан мен Индонезия арасындағы достық және әріптестік қарым-қатынастарды дамыту мен нығайтудағы бұл іс-шараның маңыздылығын атап өтті және академиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, мәдениет саласында тәжірибе және білім алмасу саласындағы жоспарларды белгіледі.

Яндекс.Метрика