Қабылдау комиссияларының байланыстары

Индонезияның Қазақстандағы Елшілігі бастаған делегация Академияға ресми сапармен келді

2023 жылдың 14 шілдесінде Қазақ ұлттық хореография академиясына Индонезияның Қазақстандағы елшілігінің тікелей бастамасымен және қолдауымен Джокьякартадағы мемлекеттік университеті мен Индонезия өнер институтының өкілдерінен құралған делегация ресми іс-сапармен келді.

Әлемдегі ең үлкен арал мемлекеті – Индонезия елінен келген қонақтар Академияның инфрақұрылымымен үлкен қызығушылықпен танысып, Академия тәрбиеленушілерінің жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалғанына таңданыстарын жасырмады.

Ресми келіссөздер жүргізу барысында Академия ректоры Бибигуль Нусипжанова жоғарыда аталған Индонезияның алдыңғы қатарлы оқу орындарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою екі ел арасындағы жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және одан әрі дамытуға үлесін қосатынын атап кетті.

Аталмыш оқу орындарымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға 2023 ж. 15 шілдесінде Индонезия Республикасының Қазақстандағы Елшілігінде Индонезия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай өткізіліп отырған мәдени іс-шара шеңберінде ресми түрде қол қойылады.

Индонезия мен Казақстан арасындағы ынтымақтастық, достық және әріптестік қарым-қатынастың берік нығайып, одан әрі көркейіп, дамуына тілектестік білдіреміз!

Яндекс.Метрика