Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия оқытушысы Нәзира Абдулина 70 жасқа толып отыр

Қазақ ұлттық хореография академиясы кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің оқытушысы Нәзира Абдулина бүгін 70 жасқа толған мерейтойын атап өтті.

Академия басшылығы мен ұжымы салтанатты түрде гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыстап, мерейгерді құттықтады. Кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің басшысы Светлана Кокшинова академия ректоры Алтынай Асылмұратованың құттықтау сөзін оқып берді. Сондай-ақ, Нәзира Абдулинаға А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің басшысы Мұрат Төкеев құттықтау жолдады.

«Сіздің Училищедегі көпжылдық педагогикалық қызметіңіз оқу орнының дамуына айтарлықтай үлес әкелді және хореографиялық өнердің жоғары білікті мамандарын даярлауда өз ізін қалдырды. Сіз отандық хореографилық білім берудің көрнекті педагогтарының қатарында лайықты орын алуға құқылысыз», – деп М. Төкеевтің құттықтауында атап өтілді.

Мерейтой иесіне арнап оқушылары мен түлектері, соның ішінде  Бақтияр Адамжан, Айдос Зақан, Далер Запаров, Серік Нақыспеков, Назерке Аймұхаметова және басқа да көрнекті балет әртістері атынан бейне құттықтау да дайындалды.

Нәзира Абдулина – «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалінің иегері, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, ұстаз-шебер. Ұстаз шәкірттерінің арасында хореографиялық өнер саласы бойынша халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары бар. Нәзира Абдулинаның түлектері Алматы, Нұр-Сұлтан және шет елдердегі опера және балет театрларында табысты еңбек етуде.

Яндекс.Метрика