Қабылдау комиссияларының байланыстары
Showing 61-70 of 4036 results

8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Наурыз 7, 2024

Осы тамаша мереке қарсаңында ең ізгі тілектерді тілей отырып, зор денсаулық, отбасылық бақыт пен амандық, жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз. Көктем мерекесі сізге қуаныш сыйлап, жүзіңізге нұр шашсын!

Қазақ ұлттық хореография академиясының студенті “TOGYZQUMALAQ CUP”қалалық турнирінің жүлдегері атанды

Наурыз 4, 2024

2 наурызда AMANAT партиясының елордалық филиалында тоғызқұмалақтан қалалық турнир өтті. Арт-менеджмент мамандығының 2 курс студенті Аманжол Нұркелді үшінші орынды жеңіп алды. Үздік атағы үшін 28 қатысушы бақ сынасты. Ұлттық спорт түрінен өткен турнирді AMANAT партиясы «Ұлттық мұра» жобасы аясында ұйымдастырды. …

Астанада “BIRLIK”жаңа музыкалық-би ұжымының тұсаукесері өтті

Наурыз 4, 2024

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 2024 жылғы 1 наурыз – Алғыс айту күні, жаңа «Бірлік ансамблі» атты ән-би ұжымының тұсаукесері- концерт өтті. Шығармашылық ұжым Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының жанынан жанды аспаптық сүйемелдеумен әлем халықтарының билерін …

Тараз қаласында алдын ала іріктеу жарияланады

Наурыз 4, 2024

4-7 наурыз аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясына түсуге ниет білдірген балаларды (3-4 сыныптар) алдын ала іріктеу жарияланады. Іріктеу Тараз қаласының келесі орта білім беру мекемелерінде жүргізіледі: 4 наурыз: №41 гимназия (сағ.9.00-12.30); №8 гимназия (сағ.14.00-15.30); Оқушылар сарайы (сағ.16.00-18.00); 5 наурыз: №36 …

Академияда Алғыс айту күніне орай іс-шаралар өтті

Наурыз 1, 2024

Бүгін Қазақ ұлттық хореография академиясының акт залында 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған “Шексіз рахмет” спектаклі өтті. Оқушылар қазақ халқының дәстүрлері мен “Алғыс айту күні”мерекесінің қаншалықты тығыз байланысты екенін көрсетті. Қойылымда “асар”, “тойбастар”, “қол ұстатар”, “сүйінші” сияқты ежелгі әдет-ғұрыптар …

1 наурыз – Алғыс айту күні

Наурыз 1, 2024

Алғыс күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі, оның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық, бір-біріне деген құрмет пен достық сезімін қалыптастыру, Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен ұлтаралық қатынастарды нығайту. Қазақ ұлттық хореография академиясының басшылығы мен бүкіл ұжымы …

Академияда бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар өтті

Ақпан 27, 2024

27 ақпан күні Қазақ ұлттық хореография академиясында бастауыш сынып оқытушыларына арналған қалалық семинар өтті. Семинардың тақырыбы “Оқу-білімсіз өнер жоқ, ең алдымен білім керек” деп анықталды.  Қазақ ұлттық хореография академиясының бастауыш сынып мұғалімі Мадина Тулюбаева өз баяндамасында инновациялық технологиялар ғасырында жаңа …

«Uncover Show – 2024» байқауы

Ақпан 26, 2024

Академия қабырғасында 2017 жылдан бастап өтетін, студенттердің өнерінің шыңдалуына себепкер болған жоба «Uncover – 2024»  өнер додасы биыл да жалғасын тапты. Жобаның негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ету. Байқаудың ерекшелігі, әрбір қатысушы өзінің шығармашылық әлеуетін белгісіз қырынан …

«Слово и жест» шеберлік сабағы

Ақпан 23, 2024

23 ақпан күні Қазақ ұлттық хореография академиясының конференц-залында пластика және хореография бойынша режиссер Әлішер Хасановпен шеберлік сабағы өтті. Шығармашылық кездесуге тек студенттер ғана емес, Академия педагогтары да қызығушылық танытты. Барлығы 30-ға жуық адам қатысты. Әлішер Хасанов, балетмейстер, Ресейдің түрлі қалаларындағы …

Павлодар қаласында алдын ала іріктеу жарияланады

Ақпан 23, 2024

26-28 ақпан аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясына түсуге ниет білдірген балаларды (3-4 сыныптар) алдын ала іріктеу жарияланады. Іріктеу Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінде жүргізіледі. Мекен-жайы: Камзина к-сі, 78, Павлодар қаласы. ҚР облыс орталықтарында іріктеу өткізілетін күн, уақыт және орын Академияның …

Яндекс.Метрика