Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясында ұлттық ойындар өтті!

Ұлттық ойындар барлық уақытта Қазақстан халқы үшін орасан зор әлеуметтік мәнге ие болды. Олардың барлығы ежелгі дәуірде пайда болды және өз дамуында қалыптасқан қоғам ішіндегі қатынастарға сәйкес келетін бірқатар дәйекті түрде өзгеретін формалардан өтті.

Қазақстанның барлық ойын-сауық және ұлттық ойындары әрқашанда әлеуметтік міндеттерді орындады: тәрбиелік, әскери-спорттық, ойын-сауықтық-эстетикалық, коммуникативті және т.б. Бәсекелестік сипаты бар ойындар, жастардың бойында күш-қуатты, ептілік пен төзімділікті дамытуға, батылдықты және өмірге қажетті басқа да қасиеттерді тәрбиелеуге ықпал етеді, деп бөлісті тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер бөлімінің меңгерушісі- Сағыныш Сұлтанова.

Ұлттық ойындардың мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін, спорттық ойындарын таныстыру. Спорттық шараға Қазақ ұлттық хореография академиясының 5-сынып оқушылары қатысты.

Ойындар «Қазақша күрес», «Асық ату», «Ләңгі тебу», «Тоғыз құмалық», «Көл күрес», «Арқан тартыс» атты спорттық жарыстың 6 түрі бойынша өтті.

Екі сағатқа созылған ұлттық ойындардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

  • Іргенай Мәулен 5А сынып, І орын «Асық ату»
  • Шералы Жайсан 5Б сынып, І орын «Қол күрес»
  • Жүсіпов Тимур 5Б сынып, І орын «Қазақша күрес»
  • Сұлтан Есманұр 5А сыныбы, І орын «Тоғыз құмалық»

Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Яндекс.Метрика