Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия оқытушылары Freedom Ballet сыйлығының лауреаттары атанды!

21 қараша күні Қазақ ұлттық хореография академиясының қабырғасында Қазақстанның балет өнері қайраткерлері арасындағы «Freedom Ballet» сыйлығын тапсырудың алғашқы салтанатты рәсімі өтті. Іс-шара ұлттық валюта «Теңгенің» 30 жылдығына орай ұйымдастырылған.

«Freedom Ballet» сыйлығы 10 қазақстандық әртіс пен балет әртісіне жоғары орындаушылық шеберліктері үшін, сондай-ақ Қазақстандағы балет өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін беріледі.

«Freedom ballet» сыйлығы алты номинация бойынша берілді: «Дарын, балет өнеріне деген құштарлығы және адалдығы үшін», «Ұлттық биді дамытқаны және танымал еткені үшін», «Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театрының жетістіктеріне қосқан ерекше үлесі үшін», «Қазақ балетінің шабытты дамуы үшін». Қазақ ұлттық хореография академиясының оқытушылары Назира Абдулина мен Анвара Садықова «Балет шеберлері мен жоғары дәрежелі орындаушыларды дайындағаны үшін» және «Ұлттық биді дамытып, танымал еткені үшін» номинациялары бойынша «Freedom ballet» сыйлығының лауреаттары атанды.

Марапатталғандардың қатарында Академия студенті, «Астана Опера» мемлекеттік театрының жетекші солисті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Адамжан да болды. Беделді халықаралық байқаулардың лауреаты «Жоғары орындаушылық шеберлігі үшін» номинациясын жеңіп алды.

Айта кетейік, барлық лауреаттар балет өнерін дамытуға сіңірген еңбегі үшін құрмет грамотасымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Ұйымдастырушылар Freedom Holding group инвестициялық компаниясы мен Қазақ ұлттық хореография академиясы болды.

Яндекс.Метрика