Қабылдау комиссияларының байланыстары

Бірінші халықаралық шеберлік сыныбы Қазақ ұлттық хореография академиясының қабырғасында өтті

Бүгін елордалық хореография академиясында Қазан мемлекеттік мәдениет институтының қатысуымен Халықаралық онлайн шеберлік сыныбы өтті. Шетелдік жоғары оқу орнының хореографиялық өнер кафедрасының меңгерушісі Альфия Кавееваның жетекшілігімен жас әртістер жиналғандарға заманауи хореографияның алғашқы элементтерін көрсетті.

Өз кезегінде Қазақ ұлттық хореография академиясының 1-курс оқушылары шетелдік студенттерді ұлттық би негіздерімен таныстырды. Жыл соңына дейін академия спорттық-бал биінің негіздері бойынша тағы бір шеберлік сыныбын ұйымдастырмақ.

Біздің ұлттық биіміз қолдың, дененің, аяқтың қимылдарына өте бай және мұның бәрі тамаша қазақ музыкасында орындалады. Қазан институтының студенттерінің қызығушылығын оята алдық, енді олар қазақтың ұлттық билеріне ғана емес, Қазақстанның тарихы мен салт-дәстүріне де қызығушылық танытады деп ойлаймын, деп бөлісті хореография кафедрасының деканы Айтолқын Тұрғынбаева.

Мастер-класс қос дипломды білім берудің халықаралық жобасы аясында өткізіледі. 2021 жылдың тамызында Қазақ ұлттық хореография академиясы мен Қазан мемлекеттік мәдениет институты арасында қос диплом бағдарламасын іске асыру туралы шартқа қол қойылды. Бағдарламаға қатысу үшін студенттерге бакалавриаттың екінші курсын бітіріп, кейін Қазақстан Академиясында немесе Татарстан институтында оқуға өтінім ресімдеу қажет. 

Биыл Ақбаян Серікқазина осы білім беру бағдарламасы бойынша оқитын алғашқы студент болды. Ол “Педагогика және хореографиялық өнер” бағытында оқиды және қазір Қазан мемлекеттік мәдениет институтында өз шеберлігін шыңдауды жалғастыруда. Институтты бітіргеннен кейін Ақбаянға екі жоғары оқу орнының дипломдары табысталады, деп атап өтті хореография факультетінің деканы Айтолқын Тұрғынбаева. 

Бүгінгі таңда қос диплом бағдарламасын іске асыру туралы шарт аясында студенттердің үш курсы қабылданды. Болашақта Қазақ ұлттық хореография академиясы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындарымен шарт жасасуды жоспарлап отыр.

Яндекс.Метрика