Қабылдау комиссияларының байланыстары
Showing 31-40 of 125 results

ХХІ ғасырдың екінші онжылдығындағы Қазақстан тарих ғылымы дамуының жаңа серпіні

Қаңтар 25, 2021

ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2021 жылдың 28 қаңтары күні сағат 10.00-де ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы міндеттерін жүзеге асыру аясында «ХХІ ғасырдың екінші онжылдығындағы Қазақстан тарих ғылымы дамуының жаңа серпіні» тақырыбында …

«Қазақ халқының құрамындағы кірме және жүзден тыс топтар (XVIII – XX ғасырдың бас кезеңі)»

Қаңтар 19, 2021

2021 ж. 20 қаңтарда сағат 12:00-де Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Ұлы Даланың тарихы мен мәдениеті» атты  жобасы аясында дайындалған «Инкорпорированные и внежузовые группы в составе казахов (XVIII – XX вв.)» («Қазақтар құрамындағы кірмелер мен жүздерге кірмейтін топтар …

Қазақстанның тарих ғылымы: өткені, бүгіні және келешегі

Желтоқсан 15, 2020

2020 жылғы 22 желтоқсанда сағат 11:00-де Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 75-жылдығына арналған «Қазақстанның тарих ғылымы: өткені, бүгіні және келешегі» атты халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференция өткізеді. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология …

Шоқан Уәлихановтың таңдамалы шығармалары

Желтоқсан 15, 2020

Кембридж университетінің баспасы Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігімен бірлесіп және Қостанай облысының әкімдігі мен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының қолдауымен ХІХ ғасырдың ең көрнекті қазақ ғалымдарының бірі Шоқан Уәлихановтың таңдаулы шығармаларының алғашқы ағылшынтілді жинағын ұсынуға қуанышты. 29 жасында үзілген қысқа …

Қазақстан тарих ғылымының философиялық мәселелері

Желтоқсан 9, 2020

2020 жылдың 15 желтоқсанында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясымен және Философия, саясаттану және дінтану институтымен бірлесе отырып көрнекті ғалым, философия ғылымдарының докторы (1965), профессор (1967), ҚР ҰҒА академигі (2003), Қазақ КСР Жоғарғы мектебінің …

Профессор Құсекен Шәукенұлы және қазіргі тіл білімінің зерттеу парадигмалары

Желтоқсан 9, 2020

КеАҚ «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» аталған оқу орнының 70 жылдық мерейтойына орай 2020 жылдың 25 желтоқсанында тілтанушы ғалым, ҚР халық ағарту ісінің озық қызметкері, «Ы.Алтынсарин», «А.Байтұрсынов» төсбелгілерінің иегері, Атырау университетінің Құрметті профессоры Құсекен Шәукенұлының 90 жылдығына арналған «Профессор Құсекен Шәукенұлы …

Ұлы дала тарихы және тұлға

Желтоқсан 4, 2020

БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Рухани жаңғыру» институтымен және Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен бірлесіп, 2020 жылғы 23 желтоқсанда сағат 11.00-де белгілі саясаткер, тарихшы-ғалым, т.ғ.д., профессор, қоғам қайраткері Зардыхан Қинаятұлының (1940-2016) 80 жыл …

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДАҒЫ Ш.Ш.УӘЛИХАНОВТЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫ

Қазан 6, 2020

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2020 жылы 30 қазанда сағат 11:00-де Ш.Ш. Уәлихановтың 185-жылдығына арналған «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДАҒЫ Ш.Ш.УӘЛИХАНОВТЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫ» атты Халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференциясын өткізуді жоспарлап отыр. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – ХІХ ғасырдың белгілі ағартушысы, аудармашы, этнограф, …

ҚАЗАҚТАРДЫҢ XVIII – XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ СУБЭТНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ

Қыркүйек 14, 2020

Құрметті әріптестер! 2020 жылғы 15 қыркүйекте сағат 10.00-де Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті» ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында «ҚАЗАҚТАРДЫҢ XVIII – XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ СУБЭТНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ» атты тақырыпта Республикалық дөңгелек үстел өткізеді. …

Қазіргі білім берудің даму тенденциялары

Қыркүйек 7, 2020

Kazconf.com – ғылыми конференциялар порталы «Қазіргі білім берудің даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді. Конференцияға барлық білім алушылар мен ғалымдарды шақырамыз. Конференция өтетін орны: «Bilim Innovations Group» орталығы, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан. Конференция өткізу мерзімі: 29-30 қыркүйек 2020 ж. Мақалаларды …

Яндекс.Метрика