Қабылдау комиссияларының байланыстары
Showing 251-260 of 3965 results

Кинезиология орталығының спорт дәрігерімен кездесу

Желтоқсан 9, 2022

2022 жылғы 8 желтоқсанда Science cafe-де «Kinetik» оңалту және спорттық кинезиология орталығының өкілі, оңалту дәрігері Сайлаубек Әлішер Арманұлымен кездесу өтті. Әңгімелесу барысында спорт дәрігері жарақаттан кейінгі оңалту, кәсіби спортшылардың дене шынықтыру дайындығы, фитнес-тренинг, балалар мен ересектерге арналған жаттығулар туралы айтты. …

Академия студеннтері адамның жеке шекарасын анықтау бойынша топтық сабақ өтті

Желтоқсан 9, 2022

8 желтоқсан күні педагог-психолог Марал Ибрагим ЖОО студенттері арасында адамның жеке шекарасын анықтау бойынша топтық сабақ өткізді. Жеке шекаралар қазіргі әлемдегі маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Жеке шекараны белгілеу және қорғау қабілеті жеке тұлғаның толық қанды, сау дамуы үшін қажет. …

Академияда Мұхтар Шахановтың мерей тойына арналған кеш өтті

Желтоқсан 9, 2022

Қазақ ұлттық хореография академиясында ақын Мухтар Шахановтың 80-жылдық мерей тойына арналған «Өмір өзен» атты поэтикалық кеші өтті. Іс-шара барысында студенттер Мухтар Шахановтың өлеңдері мен әндерін шырқап, композициялық қойылым көрсетті. Өнер факультетінің  профессоры Жанат Бабажанованың басшылығымен ұйымдастырылған сахналық көрінісімен «Арт-менеджмент» оқу …

Инновациялық зерттеулердің тиімділігін арттырудың модельдері мен әдістері

Желтоқсан 9, 2022

Құрметті әріптестер және ғалымдар! Kazconf – ғылыми конференциялар порталы «Инновациялық зерттеулердің тиімділігін арттырудың модельдері мен әдістері» атты халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді. Конференцияға барлық білім алушыларды, ғалымдарды, ЖОО-ның оқытушы-профессорлары мен мектеп мұғалімдерін шақырамыз. Конференция өтетін орны: Түркістан қаласы, Қазақстан. Конференция өткізу мерзімі: 26-27 желтоқсан 2022 ж. Толық …

«Астана Опера» Академия оқытушыларына: студенттердің кәсіби шеберлігі үшін алғыс айтамыз

Желтоқсан 8, 2022

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры Ғалым Ахмедьяров Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжановаға және оқу орнының профессор-оқытушылар құрамына академия тәрбиеленушілерінің «Жібек жолы» фестивалі аясында Л.Минкустің  «Дон Кихот» және П. Чайковскийдің «Лебединое озеро» спектаклдеріне қатысқаны үшін алғысын …

Оңалту және спорттық кинезиология орталығының өкілімен кездесу

Желтоқсан 7, 2022

Құрметті Академия оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері! 2022 жылғы 8 желтоқсанда Сіздерді ортопедиялық және нейро-оңалту саласындағы «Кинетик» оңалту және спорттық кинезиология орталығының оңалту дәрігері Сайлаубек Әлішер Арманұлымен кездесуге шақырамыз. Орталық жарақаттан кейінгі оңалтудың барлық кезеңдері, созылмалы буын ауруы тренингтері, кәсіби …

ХХ ғасырдағы Отан тарихы: өзекті мәселелері және жаңа ұстанымдар

Желтоқсан 5, 2022

ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты белгілі тарихшы-ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, «Құрмет» орденінің иегері Қ.С. Алдажұмановтың 80 жасқа толуына орай 2022 жылдың 9 желтоқсанында өтетін «ХХ ғасырдағы Отан тарихы: өзекті мәселелері және жаңа ұстанымдар» …

Академия кітапханашылары «Библиороссика» қоры туралы вебинар ұйымдастырды

Қараша 28, 2022
2022 жылдың 26 қарашасында Хореография академиясфының кітапханашылары ZOOM платформасында 7-11 сынып оқушыларына арналған  «Библиороссика» деректер базасынан жасөспірімдерге арналған көркем әдебиет» тақырыбында вебинар ұйымдастырды. Вебинар спикері – «Библиороссика» электронды-кітапханалық жүйесінің өкілі Наталья Юрченко. Семинар барысында спикер «Библиороссика» электронды-кітапханалық жүйесінің базалық жинағынан көркем …

«Библиороссика» мәліметтер базасынан жасөспірімдерге арналған көркем әдебиет» вебинары

Қараша 25, 2022

26 қараша күні сағат 15:00-де Академия кітапханасында 7-11 сынып оқушыларына арналған «Библиороссика» мәліметтер базасынан  жасөспірімдерге арналған көркем әдебиет»  вебинары өтеді. Вебинар спикері – «Библиороссика» электронды-кітапханалық жүйесінің өкілі Юрченко Наталья Михайловна. «Библиороссика»  зерттеушілерге, оқытушыларға, студенттерге және оқушыларға арналған заманауи электронды кітапхана …

Жаңа Қазақстан: даму перспективалары және қазіргі заманның сын-қатерлері

Қараша 24, 2022

КЕАҚ «Нархоз университеті» Құқық және мемлекеттік басқару мектебі Сізді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Жаңа Қазақстан: даму перспективалары және қазіргі заманның сын-қатерлері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады. Конференция гибридті форматта (онлайн/оффлайн) ұйымдастырылады. Конференция 2022 ж. 13-желтоқсанда сағат Астана уақыты …

Яндекс.Метрика