Қабылдау комиссияларының байланыстары
Showing 311-320 of 1010 results

Академия тәрбиеленушілері Загребтегі Халықаралық балет байқауында барлық жүлделі орындарға ие болды

Шілде 14, 2022

Қазақ ұлттық хореография академиясының оқушылары Торғын Лебен, Әдемі Жанәбіл және Дарья Митрофанова Хорватия астанасы Загребте өткен Халықаралық балет байқауында барлық жүлделі орындарға ие болды. Конкурсқа Хорватия, Канада, Жапония, АҚШ, Франция, Австрия, Венгрия, Польша және басқа елдердің қатысушылары қатысты. Байқау екі …

Академия оқытушылары Римдегі Erasmus+ жобасының студенттері үшін би қоюда

Шілде 8, 2022

Қазақ ұлттық хореография академиясының оқытушылары Италияның Ұлттық би академиясында екі оқу орны арасындағы Erasmus+ жобасын аяқтау аясында қойылымдарды қоюда. Қазақ ұлттық хореография академиясы мен Римдегі Ұлттық би академиясы арасындағы Erasmus+ жобасы аяқталуға жақын. Жобаның қорытынды шарасы – Рим академиясының ашық …

Шетелде оқуға студенттерді іріктеу байқауының қорытындысы

Шілде 4, 2022

2022 жылдың 30 маусымында Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері арасында академиялық ұтқырлық (бакалавриат) шеңберінде бір семестр оқуға арналған байқау өтті. Студенттер арасындағы бұл байқау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығымен бекітілген Шетелге, оның ішінде …

Академия педагогтары бірқатар психологиялық тренингтерден өтті

Шілде 4, 2022

23, 24 және 30 маусымда Қазақ ұлттық хореография академиясында кәсіптік білім беру мектеп-колледжі педагогтарының қатысуымен «Білім алушының тұлғалық дамуының психофизиологиялық ерекшеліктері» тақырыбында тренингтер сериясы өтті. Оқыту академияның қосымша білім беру және біліктілікті арттыру секторының  ұйымдастыруымен өткізілді. Тренер академияның педагог-психологы Марал …

ХАБАРЛАНДЫРУ

Шілде 1, 2022

ҚР МСМ МК «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК 2022-2023 оқу жылына бос орындар тізімі:   Бос лауазымның атауы   Бағыт, пән   Бірлік, мөлшерлеме саны Кәсіптік білім беру мектеп-колледжі Жалпы білім беретін пәндер бойынша пәндік-циклдық комиссия Химия мұғалімі 1. …

Хореография академиясында түлектер кеші өтті

Маусым 27, 2022

27 маусымда Қазақ ұлттық хореография академиясында кәсіптік білім беру, бакалавриат және магистратура мектеп-колледжінің оқу бітірген түлектерінің кеші өтті. Академия ректоры Алтынай Асылмұратова құттықтау сөз сөйледі. «Барлық түлектерді құттықтаймын. Дипломдарыңыз сөреде қалмай,  оны лайықты қолдана аласыздар деп үміттенемін. Сіз үшін оқу …

«Ортеке»: қазақ биі ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілмек

Маусым 22, 2022

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдық емес мәдени мұралар жөніндегі ұлттық комитет сарапшыларының қатысуымен ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне қазақтың халық биі «Ортекені» енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуде. Қазақтың …

Академия оқытушысы Нәзира Абдулина 70 жасқа толып отыр

Маусым 17, 2022

Қазақ ұлттық хореография академиясы кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің оқытушысы Нәзира Абдулина бүгін 70 жасқа толған мерейтойын атап өтті. Академия басшылығы мен ұжымы салтанатты түрде гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыстап, мерейгерді құттықтады. Кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің басшысы Светлана Кокшинова академия …

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Саитованың мерейтойы

Маусым 9, 2022

Ертең, 10 маусым күні сағат 12.00-де Қазақ ұлттық хореография академиясының Оқу театрында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, өнертану кандидаты, профессор Гүлнар Юсупқызы Саитованың мерейтойына орай құттықтау мерекесі өтеді. Баршаңызды мерей той иесін құттықтау салтанатына қатысуға шақырамыз!

Академия оқытушысы Италияда шеберлік сабақтарын өткізуде

Маусым 7, 2022

Италияның Ұлттық би академиясымен (Рим) ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақ ұлттық хореография академиясының қызметкерлері, оқытушы-хореограф Айтолқын Тұрғынбаева және халықаралық бөлімнің маманы Аяулым Төребекова халықаралық Эразмус+ бағдарламасы бойынша Рим қаласына келді. 6-15 маусым күндері сапар аясында Айтолқын Тұрғынбаева жоғарыда аталған оқу орнының …

Яндекс.Метрика